Алматыда электр энергетикасы бойынша Қазақстандық халықаралық көрме өтті

Қазан айының 28-30 аралығында Алматыда 4-ші Қазақстандық Халықаралық «ЖЭК, Энергияны үнемдеу, Энерго тиімділік және Қорларды үнемдеу» көресі өтті, ол бұл саладағы жабдықтарды, технологияларды және қызметтерді ұсынудың негізгі алаңы болып табылады.
 
Құрылған сәтінен бастап, көрме Орталық Азиядағы электротехникалық тақырыптағы іс-шаралар арасында жетекші орынға ие болды, және саладағы ең ауқымды және көрермені көп оқиға болып есептеледі.  Жыл сайын көрме ЖЭК және энергияны үнемдеу саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың назарын аударады. Біздің компания да мұндай ірі өнеркәсіптік іс шараны және жаңа таныстық мүмкіндіктерін өткізіп алмауға талпынды.
 
Энергетиктердің Қазақстандық форумын өткізу Көрме аясындағы басты оқиға болды, оған жыл сайын электр жабдықтарының, технологиялар мен қызметтердің әлемдік өндірушілері мен жабдықтаушылары қатысады. Жұмыс барысында Қазақстанның электр және жылу энергетикасының даму болашағы, энергия үнемі мен энергия тиімділігі, энергетика саласындағы қазақстандық жобаларды жүзеге асыру, энергияның баламалы көздерін дамыту және қолдау мәселелері талқыланды.
 
Форумнан бөлек, көрмеде қатысушылардың семинарлары мен тұсаукесерлері ұйымдастырылды. Көлемді іскерлік бағдарлама мамандарды өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған ең жаңа жабдықтарымен және технологияларымен танысты.
 
Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, көрменің ашылу басынан-ақ көрермендер саны өте көп болды.
 
Біздің компаниямыздың өкілдері ТМД, Таяу және Қиыр Шетел елдерінің энергетикалық саладағы мамандарымен белсенді түрде бағалы іскерлік байланыстар орнатты, тәжірибемен, жаңалықтармен және жетістіктермен алмасты, сонымен қатар өнімдермен танысты.
 
Көрме экспозиция көлемділігімен, қызықты бағдарламамен, өз жаңалықтарымен сөзсіз қуантты
© 1997–2019 «TNS-INTEC» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.