TNS-INTEC 2014 Кантон көрмесінде

Алыс 1957 жылдан бастап, күзде және көктемде Қытайда бизнес әлеміндегі маңыздылығы ерекше оқиға өткізіледі. Кантондық жәрмеңке – көлемі жағынн Азиядағы ең ірі және әлемдегі үшінші сауда көрмесі, мұнда Қытайдың экспорттық және импорттық өнімінің барлық шоғырын көруге болады.

 

Елестетіп көріңізші, он мыңдаған өндірушілер мен жабдықтаушылар, жүздеген мың экспорттық тауарларды атауы – осының барлығы бір уақытта бір жерде шоғырланған! Кантон жәрмеңкесі Қытайдағы ауданы 1,16 млн.шаршы метр құрайтын ең ірі көрме кешенінде өтеді.

 

Бизнес үшін жаңа ойлар мен бағыттар ізденісі жолында біздің компаниямыздың қызметкерлері осындай бірегей іс-шараға қатысқан. Алдын ала билеттерге тапсырыс беріп, визаларымызды алып, біз ең ғажайып және естен кетпес Катон жәрмеңкесіне саяхатқа аттандық!

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы 20 000 жуық экспонент пен 2014 елден 200 000 қонақ болады деп болжанған.  Кантон жәрмеңкесінде жасалған контракттар мен мәмілелердің елеулігі соншалық, қытай экспортының жылына оннан бір бөлігіне үміттенеді. Түрлі стендтер арасында адасып қалмауға тырысып, біз әлемнің түрлі бөліктерінен келген бизнесмендермен ақпарат алмастық, ұсынылған үлгілер бойынша мәмілелер жасастық және қазіргі заманның озық жетістіктерімен таныстық.

 

Қытайдың сауда министрлігі қатаң сақтайтын негізгі шарттардың бірі – түрлі ел сертификациясының нормалары мен стандарттарына сәйкес келетін ең жақсы өнім шығаруғы қабілетті, сенімділік дәрежесі жоғары өндірушілердің қатысуы болып табылады. Мұндай көзқарас сөзсіз көрме қатысушыларына сенімділіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.  

 

Жарқын әсерлер мен көңіл-күйді қоса, біз өзімізбен тәжірибелік жаңалықтар үшін қызықты ойлар, өндірушілермен тиімді келісімшарттар, назарымызды тартқан каталогтарға толы сөмкелер, және көптеген өнімдердің үлгілерін алып келдік.

 

Көрмеге қатысу жаңа технологиялардың бай көзіне және өнеркәсіптің соңғы инновациялық жаңалықтар әлеміне көз салу мүмкіндігіне айналды. Бүгінгі беталыстармен танысу және шабыттану – бұл қызметкерлерді кәсіби дамытып, болашақта компания үшін пайдалы болатын нәтиже. 

 

      

© 1997–2019 «TNS-INTEC» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.